Текст
2022 жылғы 15 тамызда білім бөлімінің басшысы жанында «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты зерделеу бойынша әдістемелік кеңес өтті. Әдіскерлер мен бас мамандар оқу - тәрбие процесін нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету және алдағы оқу жылында білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11 сыныптарында білім беру процесін ұйымдастыру мен тәрбие жұмысының ерекшеліктері жөніндегі материалдарды қарап талқылады.