Текст
2024 жылғы 2 қазанда ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша мониторинг жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша Ақмола облысының қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың мамандарымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жылжымайтын мүлкін сақтау, балаларды күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу және т.б. мәселелер талқыланды. Қызығушылық танытқан сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды.