Текст
2024 жылғы 2 қазанда ZOOM платформасы арқылы Ақмола облысының білім бөлімдерінің әдіскерлерімен және педагог – психологтар қауымдастықтарының басшыларымен суицидтік жағдайлар және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Спикер Инара Ибраимовна білім беру мекемелерінің педагог – психологтарына жеке жұмыс жоспарын құру мәселесі бойынша, "Үздік психолог" конкурсының ережесі бойынша және т.б. жұмысқа ұсынылған материалға егжей-тегжейлі тоқталды. Кеңес барысында қызығушылық танытқан сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды.