«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру» атты аудандық практикалық семинар

18.12.2024
2024 жылдың 18-желтоқсанында «Еркежан» балабақшасы базасында Құзырет орталығының жұмыс жоспары шеңберінде «Этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру» атты аудандық практикалық семинар өтті. Семинар барысында «Еркежан» балабақшасы педагогтарының келесідей жұмыс тәжірибелері таныстырылды: «Сторителлинг балалардың сөйлеуін дамыту үшін тиімді құрал ретінде» Қасымова Г.А.; «Даналық мектебі - ұлт болашағы» Орымбаева Я.Т.; Халиулина Л.М. режимдік сәттерде «Тілге бойлау» бағдарламасын іске асыру; «Ұлттық құндылықтар арқылы балалардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру» М.Алип; «Кілем тоқу өнері - қазақ халқының ежелгі қолөнері» Сағындықова Ж.Ғ., Әйтенова А.Н.; «Ән салатын аспаптар» Серікпаева Ә.Д., Ақанова С.Ш.; «Патриоттық тәрбие-ел болашағы» Қашқымбаева Б.Б.; «ЕБҚ бар балалармен жұмыстың тиімді әдістері» Дюбкина М.Э.; «Халықтық ойындар арқылы балалардың танымдық саласын дамыту» Жүнісова А.Ж. Түстен кейін Атбасар ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардың мобильді тобы әдістемелік көмек көрсету мақсатында қала мектептеріндегі мектепалды даярлық сыныптары педагогтарының құжаттандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді. Семинарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін «Еркежан» бөбекжай-бақшасының ұжымына меңгеруші Қасымова Г.А. атынан алғыс білдіреміз.
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.12.2024 18:51
Құрылған күні: 18.12.2024 18:51

Текст