«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңашыл мұғалім 2021–2022» республикалық байқауын өткізу туралы ереже

23.12.2021
Мақсаты:
● педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына қосқан үлесін тану және тарату;
● педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу.
 
Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі
Байқау екі кезеңнен тұрады:
І кезеңнің жұмыстарын қабылдау: 22.10.2021 – 17.01.2022
ІІ кезеңнің жұмыстарын қабылдау: 01.02.2022 – 17.04.2022
Байқау шарттары
●    Байқау жұмыстары байқау талаптарына сай болуға тиіс. Қалғанын (құрылымын, безендіру нысаны мен стилін) көздеген мақсатына қарай авторлар өзі шешеді.
●    Байқаудың  бірінші кезеңінен өте алмаған жұмыстар екінші кезеңге жіберілмейді.
●    Байқауға қатыса отырып, қатысушылар «Bilim Land» компаниясына қатысушылардың суретін, байқауға жолдаған жұмыстарын (видео және мәтіндік материал) bilimland.kz сайтында және әлеуметтік желілерде толық немесе ішінара жариялауға рұқсат береді.
Байқаудың жүлде қоры 
2 000 000 теңге
Байқауды ұйымдастыру
Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.
 
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болады:
● «Білім беруді цифрландыру аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
● «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
● «Цифрлық білім беру ортасы жағдайындағы оқушылардың жобалау қызметі» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
● «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге.
 
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар
Байқауға қатысатындар:
1) Қазақстан азаматтары немесе ҚР аумағында жұмыс істейтін оқытушылар (тәрбиешілер, бейінді педагогика мамандары);
2) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогтер (орта мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, колледждердің практик-мұғалімдері, бөбекжайлардың, балабақшалар мен шағын орталықтардың педагог-қызметкерлері);
3) білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілері, тәлімгерлер мен тәрбиешілер.
Қатысушылардың педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауға тиіс және бәрі де жұмыс орнынан берілген растайтын анықтаманың электрондық нұсқасын ұсынуға тиіс (анықтамасыз байқауға қатысу мүмкін емес).
*Байқау Қазақстан Республикасының аумағында ғана өтеді.
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
● сабақтың (сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу қызметінің) жоспар-конспектілерін, сынып сағаттарының, сыныптан тыс іс-шаралардың әзірлемелерін, ҰОҚ технологиялық карталарын, мерекелік іс-шаралар сценарийлерін жасаудағы  әдістемелік сауаттылық;
●    сабақ жоспарының (оның ішінде ұйымдастырылған оқу қызметінің) міндетті түрде жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына және МЖМБС-ға сай болуы;
●    жоспар-конспектілерді, сынып сағаттарының әзірлемелерін жасағанда bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz білім беру ресурстарының мультимедиалық материалдарын (бейнефильмдер, анимациялық презентация, мультимедиалық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сызбалар, жұмыс парақтары және т. б.) пайдаланған жөн;
●    практикада қолдануға жарамдылығы;
●    жұмыстың сапалы безендірілуі;
●    авторлық идеяның бірегейлігі;
●    авторлық құқықтардың сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе ішінара көшіруге тыйым салынады; плагиат жұмыс ұсынған қатысушылар байқаудан шеттетіледі);
●    байқауда жеке адамның жұмысы бағаланатындықтан, сабақтың әзірлемесі БІР ғана авторға тиесілі болуға тиіс;
● екі (одан көп емес) қатысушы интеграцияланған сабақ, оқу-ойын қызметі және т. с. с. форматтағы байқау жұмысын ұсына алады. Мұндай жағдайда байқауға қатысу туралы өтінім беру мен жүлдені алуды ТЕК бір ғана жеке тұлға жүзеге асырады;
●  әрбір қатысушы тек бір тілде, БІР АТАЛЫМ БОЙЫНША қатысып, БІР ғана жұмыс жібере алады. 
Осы талаптарға сай келмейтін жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
1. Өзектілігі. Берілген сабақта цифрлық ресурстардың орынды қолданылуы, оқушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың, денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталуы. Оларды пайдаланудың өзектілігі мен бірегейлігі, сабақ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі. Белгілі бір ресурсты таңдаудың дәйектілігі (бұл сабақта неліктен дәл осы ресурс пайдаланылды, қосымша материалдардың, оқу құралдары мен нысандарының осындай үйлесімі таңдалды; осы ресурсты қолдану қалай жүзеге асты).
2. Педагогтің әдістемелік құзіреттілігі. Сабақ нысаны мен мазмұнының, әдіс-тәсілдердің қойған мақсаттарға және білім алушылардың жасына сай болуы, оқу құралдарын пайдаланудың нәтижелілігі. Оқу процесіндегі нысандардың, әдістердің, заманауи тәсілдердің әралуандығы, олардың жаңалығы әрі бірегейлігі. Репродуктивті және проблемалы оқыту нысандарын үйлестіру, білімді практикада қолдану.
3. Нәтижелілігі (байқаудың екінші кезеңі үшін). Сабаққа қатысқан оқушыларды уәждеу, олардың белсенділігі/енжарлығы, жеке-сараланған тәсілдерді белсенді түрде қолдану, білім алушылардың рефлекстік қызметі, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) оқу материалын ұғынуы.
4. Көрнекілігі (байқаудың екінші кезеңі үшін). Видеотүсірілімнің сапасы мен безендірілуі, педагогтің өзін-өзі таныстыруы, сөзі, сабақ беру стилі, педагог пен оқушылардың бірге жұмыс істеуі. Сызбаларды, кестелерді, диаграммалар мен иллюстрацияларды пайдалану.
 * Байқау ұйымдастырушыларының/демеушілерінің қосымша сыйлықтары да қарастырылған.
●    Байқауды ұйымдастырушылар әр аталым бойынша 2 жеңімпазға дейін таңдау құқығына ие.
● Байқауға жіберілген материалдарға рецензия жазылмайды, қатысушыларға сараптама қорытындысы берілмейді.
●    Байқауды ұйымдастырушылардың электрондық форматтағы сертификаттары байқаудың екінші кезеңіне өткен және байқаудың барлық талабына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға ғана беріледі.
Байқау жұмыстарын бағалау:
1-кезең: 18 .01.22 – 31.01.22
2-кезең:  18.04.22 – 24.05.22
Байқау қорытындысы 2022 жылғы 25 мамырда www.bilimland.kz, bilimustaz.kz порталында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен жүлделерді табыстау 2022 жылғы 25 мамырда офлайн өтеді.
 АТАЛЫМДАР
Білім беруді цифрландыру аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар 
 
1-кезең: Қатысу туралы өтінім – байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы.
Қатысу туралы өтінім – заманауи педагогикалық технологиялардың элементтері, мысалы:
- онлайн оқыту (синхронды/асинхронды онлайн-сабақтар);
- мобильді оқыту (дербес электрондық құрылғыларды пайдалана отырып оқыту);
- аралас оқыту, атап айтқанда модельдері: төңкерілген сынып, стансылар ротациясы;
- CLIL-пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (мектеп пәнін шет тілі арқылы оқу);
- геймификация қолданылған сабақтың/факультативтік сабақтың/сыныптан тыс шара әзірлемесінің Word форматындағы егжей-тегжейлі жоспары.
Ұсынымдар: bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz және т. б. ресурстарды қолдану. Жоспарда бір не бірнеше педагогикалық технологияны қолдануға болады, бұл ретте қандай технологиялар және не үшін қолданылғанын көрсету МАҢЫЗДЫ.
 
2-кезең: Байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған видеоның сілтемесі.
Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, байқауға ұсынған жұмысында пайдаланылған заманауи педагогикалық технологиялар туралы әңгімесі (ең көбі 2 минут), сондай-ақ цифрлық құралдар арқылы жаңа педагогикалық технологиялар қолданылғанын көрсететін сабақтың/факультативтік сабақтың/сыныптан тыс шараның видеоүзіндісі қамтылуға тиіс.
 
● 1 және 2-кезеңнің жұмыстары бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, яғни байқауға қатысушы екінші кезеңде сабақтың/факультативтік сабақтың/сыныптан тыс шараның жалпы тұжырымдамасын қалауынша өзгертуге құқылы.
● Екі (одан көп емес) қатысушы интеграцияланған сабақ, оқу-ойын қызметі және т. с. с. форматтағы байқау жұмысын ұсына алады. Мұндай жағдайда байқауға қатысу туралы өтінім беру мен жүлдені алуды ТЕК бір ғана жеке тұлға жүзеге асырады.
 
 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту 
 
1-кезең: Қатысу туралы өтінім – байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы.
Қатысу туралы өтінім – өткізу кезінде педагог оқушылардың функционалдық сауаттылығын: математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты, қаржылық сауаттылықты, жаһандық құзыреттерді, цифрлық сауаттылықты және т. б. қалыптастыруға назар аударған сабақтың/факультативтік сабақтың Word форматындағы егжей-тегжейлі жоспары.  
Ұсынымдар: bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz және т. б. ресурстарды қолдану.
 
2-кезең: Байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған видеоның сілтемесі.
 
Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, педагогикалық қызметінде және байқауға ұсынған жұмысында оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жұмысы туралы әңгімесі (ең көбі 2 минут), сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың өнімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы белсенді, іс-әрекеттік, тұлғалық бағдарланған және дамытушы білім беретін технологиялар қолданылғанын көрсететін сабақтың/факультативтік сабақтың видеоүзіндісі қамтылуға тиіс. Видеоүзіндіде оқушыларға адам тіршілігінің әртүрлі саласында әрқилы міндеттерді шешу үшін мектепте алған білімін жедел әрі саналы түрде қолдануды үйрету процесін көрсету маңызды.   
 
● 1 және 2-кезеңнің жұмыстары бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, яғни байқауға қатысушы екінші кезеңде сабақтың/факультативтік сабақтың жалпы тұжырымдамасын (қалауынша) өзгертуге құқылы.
 
 
Цифрлық білім беру ортасы жағдайындағы оқушылардың жобалау қызметі
 
1-кезең: Қатысу туралы өтінім – байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы.
Қатысу туралы өтінім – Microsoft Word форматындағы (А4 форматында 20 бетке дейін) немесе PowerPoint презентациясындағы (10 слайдтан аспайтын) таңдалған жобалау жұмысының жоспары. Бұл аталымның мәні – оқушылардың цифрлық технологиялар пайдаланылған зерттеу және жобалық жұмыстары. Жобалық жұмыстың тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін, оның өзектілігі ғылыми, әлеуметтік және практикалық маңызы тұрғысынан бағаланады.
Ұсынымдар: bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz және т. б. ресурстарды қолдану.
 
2-кезең: Байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған видеоның сілтемесі.
Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, осы оқу жылында оқушы(-лар)мен жүргізген жобалау/зерттеу қызметі туралы әңгімесі (ең көбі 2 минут), сондай-ақ көпшілік алдында қорғаған видеоүзіндісі қамтылуға тиіс. 
Жобалық жұмысты қорғау дегеніміз жұмыстың өзектілігін, мақсаттарын, әдістерін, жұмыс кезеңдерін және негізгі нәтижелерін көрсететін жария презентацияны білдіреді. Бұдан бөлек, видеоүзіндіде жобамен  жұмыс істеу барысында педагогтің өз білімі мен тәжірибесін, сондай-ақ үйренген құзыреттілігін қолданғанын көрсету маңызды.
● Байқауға жұмысты педагог ұсынады. Мұндай жағдайда байқауға қатысу туралы өтінім беру мен жүлдені алуды ТЕК бір ғана жеке тұлға жүзеге асырады.
 
 
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту
 
1-кезең: Қатысу туралы өтінім – байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы.
Қатысу туралы өтінім мемлекеттік немесе жеке меншік мекеменің мектепке дейінгі тобындағы немесе мектепалды даярлық сыныбындағы (оның ішінде түзету топтары мен сыныптарындағы) сабақтың кез келген кезеңіндегі (жаңа материалды енгізу, танымдық қызметке уәждеу, материалды жаңарту, бекіту, ойын, практикалық қызмет нысаны, рефлексия және т. б.) ұйымдастырылған оқу-ойын қызметінің Word форматындағы егжей-тегжейлі және құрылымдалған жоспар-конспектісі. Сабақтың әзірлемесі бірегей әрі  мемлекеттік стандарттың талаптарына, ал ұйымдастырылған оқу (оқу-ойын) қызметі мектепке дейінгі білім беруді бағалау критерийлеріне сай болуға тиіс, атап айтқанда:
- балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау;
- балалар оқу-ойын қызметінде қызығушылық танытатындай танымдық және әлеуметтік уәждер (мотив) қалыптастыру;
- креативті, сыни ойлауды, командада сәтті қарым-қатынас жасау, нәтижеге бағдарлану дағдыларын дамытуға, тәрбиелеу процесінің сапасының көрінісі ретінде рефлексияны ұйымдастыруға бағдарлану;
- педагогтің ойындарды, оның ішінде құрылымдалған ойынды, балалардың еркін ойындарын ұйымдастыруда жеке-сараланған тәсілді қолдануы.
 
Ұсынымдар: Вilimkids.kz платформасының ресурстарын және Bilim Kids Youtube арнасының материалдарын қолдану.
 
2-кезең: Байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған видеоның сілтемесі.
Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбиешінің рөлі туралы әңгімесі, сондай-ақ сабақтың видеоүзіндісі қамтылуға тиіс. Сабақтың видеоүзіндісі мектепке дейінгі мекеме тобында немесе мектепалды даярлық сыныбында оқу-ойын қызметін өткізудің жоғарыда аталған барлық талабына жауап беруге (1-кезеңді қараңыз), сондай-ақ байқау жұмыстарын бағалау критерийлеріне сай болуға тиіс.
 
● 1 және 2-кезеңнің жұмыстары бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, яғни байқауға қатысушы екінші кезеңде сабақтың жалпы тұжырымдамасын (қалауынша) өзгертуге құқылы.


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.12.2021 14:41
Құрылған күні: 23.12.2021 14:41

Текст