17.03.2022
2022 жылдың 16-наурызы, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мектеп терминологиясы: бүгінгі жай-күйі мен жүйелеу мәселесі» тақырыбында онлайн-форматта ZOOM платформасы арқылы республикалық әдістемелік семинар өткізді.
Сеиинар Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Е.Е.Тілешов тың модераторлығымен өтті. Семинар барысында, мектеп оқулықтарындағы терминдер туралы бірқатар мәселелер қозғалды. 7 баяндама жасалды және әріптестердің сұрақ-жауаптары арқылы талданды. Баяндамалар мазмұны терең, әрі ғылыми тұрғыдан өте маңызды болды.
Семинар соңында әр баспаның оқулығы жасалар уақытта, практик мамандардың және тіл мамандарының да ақылдастар алқасында болғаны абзал, сонда ғана сапалы оқулықтар жасалады, міне, осы тұрғыдағы ұсыныстар жасалды.