«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші арқылы, Мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі:
балалар үшін қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжат қабылдау:
құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
құжаттарды тапсыру үшін максималды күту уақыты – 15 (он бес) минут;
қызмет алушыға қызмет көрсетудің максималды уақыты 15 (он бес) минут.
Балаларды қосымша білім беру ұйымына оқуға қабылдау оларға қосымша білім беру бойынша балалар музыка, балалар көркем, балалар өнер және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерін қоспағанда бос орын болған жағдайда жүргізіледі.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет берушіге құжаттарды жолдауы және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға нәтижесінің жеткізілуі әр тарап үшін 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Балалар музыка, балалар көркем, балалар өнер және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептеріне оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық (жартылай автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және қосымша білім беру ұйымына қабылдау кезінде-қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз нұсқада алу үшін жүгінген кезде нәтиже қағаз нұсқада ресімделеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес жазылған өтініші;
2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат;
3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге Стандарттың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес келісімі.