«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында үстел теннисі, шахмат және пневматикалық винтовкакдан ату бойынша "Снайпер" облыстық жарыстары

13.12.2021
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы ОЖШТжӨЭО негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Атбасар қаласының №1,№3 жалпы білім беретін мектептерінің базасында Ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасында үстел үсті спорт түрлері және пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарыстар, сондай-ақ Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Жастар" және "Намыс" облыстық спартакиадалары өтті. Оқушылар  үш спорт түрінен: үстел теннисі, шахмат және пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарысты. Жарысқа Ақмола облысы аудандарының 16 командасынан 144 қатысушы қатысты. Атбасар ауданының құрама командасында  жарыстардың аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары болды.
Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Атбасар ауданының командасы үстел теннисінен 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасында жарыс чемпионы атанды, пневматикалық винтовкадан ату құрама командасы 4 –ші орынға ие болды. Атбасар қаласының №2 жалпы білім беру мектебінің 6 "А" сынып оқушысы Забанов Филипп жасөспірімдер арасындағы турнирдің үздік ойыншысы болып танылды. Мариновка а. №2 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мархамет Нұржан жаттығу бойынша атыста жеңімпаз және жүлдегер атанды. Атбасар ауданының командасы "Үздік жасақ" номинациясына ие болды
Жарыстың салтанатты жабылуы Атбасар қаласының "Олимп" ДСК базасында өтті, оған келесі құрметті қонақтар қатысты: Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Амирхамзинович, Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы облыстық өлкетану және экология балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының директоры Өмірзақов Арман Ғалымтайұлы, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна,  интернационалист -жауынгер Любицкий Валерий Иванович, спорт ардагерлері Қуатбеков Өмірзақ Базылұлы және Понаморенко Анатолий Степанович.
Жарысқа қатысушылар алдында  Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Амирхамзинович, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық өлкетану және экология балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының директоры Өмірзақов Арман Ғалымтайұлы, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушина, №1 жалпы білім беретін мектептердің директорлары Любовь Герихановна Бекова, №3 Қизкенова Газиза Ануарбековна, "Олимп" ДСК директоры Амангелді Мәжитұлы Абдрахманов, №3 ЖББМ АӘТД  оқытушы-ұйымдастырушысы Николай Владимирович Бывшев, №1 ЖББМ дене шынықтыру мұғалімі Шпиц -Берг Марина Федоровна  жарыстарға  дайындалу, ұйымдастырып өткізуге көмектескені  үшін  Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы облыстық өлкетану және экология балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының грамоталарымен марапатталды.
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.12.2021 11:24
Құрылған күні: 13.12.2021 11:33

Текст