1 шілдеде Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина ауданның білім беру мекемелері директорларының міндетін атқарушылармен БКС - кеңес өткізді. 30 маусымда қалада апат болды, 4 жасар бала 3 қабаттың терезесінен құлап түсті. Білім бөлімінің әдіскері Қ. Нұрмағамбетова жадынамамен тағы да таныстырды. ТЖБ аға тергеушісі азаматтық қорғау аға лейтенанты А.А. Аманжолов судағы қауіпсіздік, өртке қарсы қауіпсіздік туралы сөз сөйледі. Осы мәселе бойынша алдын алу мақсатында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі аға лейтенант Г.С. Мархабат сөз сөйледі. АИК Атбасар колледжіне ұсынылған мамандықтар бойынша құжаттарды қабылдау туралы Р. Н. Каппасова сөз сөйледі. А. Мырзахметов ат. Көкшетау университеті басшысының оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары "Қаржы,Есеп және басқару" кафедрасының доценті, аға оқытушысы О. И. Назарова университетінің қабылдау комиясының тәртібімен таныстырды. Аудан мектептері түлектерінің ҰБТ тапсыру мәселесі бойынша білім бөлімінің бас маманы А. Т. Исасеитова таныстырды. Білім бөлімінің бас маманы Г. Т. Абдрахманова жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен жазғы демалыс үшін "Жас дәурен" лагеріне 4 ауысымға жіберілетін 38 оқушының тізімімен таныстырды. Кадрлар жөніндегі әдіскер А. З. Абитаева педагогтерді аттестаттауға тестілеу өткізу мерзімдері мен өтініш беру мерзімдері туралы хабардар етті. Сондай-ақ, мектепте жаңа оқу жылына дайындық бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.