Текст
2024 жылдың 23 қаңтарда Ақмола облысының интернаттық ұйымдарына мониторинг өткізу кестесіне сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы А.Т.Сүлейменова, бас мамандар Ж.О.Ділдабаева, Н.А.Қабдуллинов «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-ң жанындағы мектеп интернатына барды. Мониторинг барысында ыстық тамақты ұйымдастыру, қауіпсіздік, тәрбие жұмысы, психологиялық қызмет бағаланды. Мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.