Аудандық география пәні мұғалімдері бірлестігінің отырысы
2022 жылдың 26 тамызында тамыз кеңесі аясында №3 орта мектепте аудандық география пәні мұғалімдері бірлестігінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 2022-2023 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Пән бойынша негізгі өзгерістерді РАУ жетекшісі, №3 ЖОББМ география пәнінің мұғалімі С.С.Ломакина енгізді. №7 мектептің мұғалім-зерттеуші Асқар Ерлан география сабағында зерттеушілік дағдыларын дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісті. №1 мектептің география пәнінің мұғалімі Зинченко Карина Анатольевна «Оқушылардың білім әлеуетін арттырудағы «География» пәнінің алатын орны» тақырыбында шеберлік сағаты өткізді. Отырыс нәтижесінде жаңа оқу жылындағы міндеттер талқыланып, қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылданды.
С.С Ломакина, аудандық география мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі.