«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»

06.08.2024
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру».
Құрметті қызмет алушылар!
Осы қызметтің қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 5-бабының 46-10-тармақшасына, «Білім туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген. және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды.
Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.
Экстерн - денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және/немесе шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өзі дербес меңгерген тұлға.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі: Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі-10 жұмыс күні.
Қызмет көрсету нысаны-электронды (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі - дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы;
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;
2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы. Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысаны – денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ білім алушылар үшін;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі;
4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкенде көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы;
5) білім алушы ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шетелге шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты,
Сондай-ақ, Сіз 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығының тегін сенім телефонына қоңырау шала аласыз, онда Сізге көрсетілетін қызметтің тізімі де егжей-тегжейлі түсіндіріледі.


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 06.08.2024 17:36
Құрылған күні: 06.08.2024 17:36

Текст