13.06.2022
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы облыстық өлкетану және экология жастар туризмі орталығының негізгі іс-шаралары жоспарына сәйкес 2022 жылғы 7-10 маусым аралығында «Локомотив» стадионының базасында Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы бойынша футболдан жарыстар өткізілді. Жарысқа Ақмола облысының аудандарынан 6 команда құрамында 90 қатысушы қатысты. Атбасар ауданының құрама командасы жарыстың аудандық кезеңдегі жеңімпаздардан құралды.
7-8 сынып оқушылары арасындағы ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы бойынша жарыстың үш күнінің қорытындысы бойынша Атбасар ауданының футбол командасы екінші орынды иеленді. Атбасар қ. №2 орта мектебінің 7 «Д» сынып оқушысы Муранец Михаил жасөспірімдер арасындағы турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Жарыстың салтанатты ашылуы мен жабылуы Атбасар қаласындағы «Локомотив» стадионының жабық хоккей кортының базасында өтті, оған құрметті қонақтар: Атбасар қаласының әкімі Исмаилов Мұрат Есмурзаұлы, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық өлкетану және экология жастар туризмі орталығының директорының м.а. Толуспаева Лейла Кенжебаевна, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, полиция бөлімі бастығының орынбасары Атбасар аудандық полиция подполковнигі Саликов Әділбек Даниярұлы жарысқа қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. «Олимп» ДСК қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Ринат Минуллаевич Кдрасов спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Ақмола облысының білім басқармасының және Атбасар ауданы әкімінің Алғыс грамоталарымен марапатталды.