25.05.2022
2022 жылдың 25 мамыр күні №7 мектебі алаңында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиынның құрметті қонақтары:Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Амирхамзаұлы және Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина қатысты.
Мектеп директоры- К.А. Есмагамбетова оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады және де мектептің оқу ісінің меңгерушісі- М.Е.Шакеева 2021-2022 оқу жылының бұйрықтарымен таныстырып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ата – аналар тарапынан мектеп ата – аналар комитетінің төрайымы А.С. Қайырбаева алғыс хатпен марапатталды. Түлектердің алғашқы ұстаздары Үндібаева Балым Мизамовна және Сатова Рыскүл Абдуахитовна, сонымен қатар сынып жетекшілері Тоқбергенова Айгерим Кайроллаевна, Асқар Ерлан, Искакова Бағила Нұрбековна түлектерге ақ жол тіледі. Мектеп түлектерінің құрметіне « Ұстаз- Ана» әнін мектептің дарынды әншілері шырқап, күйін шертті. Мектептің озат оқушысы-Мырзағұл Арай 2021-2022 оқу жылының түлектерінің атынан ұстаздарға, ата – аналарға жылы лебізін білдірді.Салтанатты жиын соңында түлектер соңғы мектеп вальсын және «Соңғы қоңырау» әнін орындап, соңғы қоңырауларын соқты. Мектептің дәстүрі бойынша түлектер мектеп алаңына жас көшеттер отырғызды.