Соңғы қоңырау-бұл қызықты және маңызды іс-шара, оның барысында мұғалімдер мен оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарады, оқушылардың жетістіктерін атап өтеді. 2022 жылғы 25 мамырда сағат 10.00-де "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты сөздерден кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Аталған іс-шараның құрметті қонағы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Бегалинов Әлий Мақсұтқанұлы болды, ол оқушыларды құттықтап, мектеп үздіктеріне мақтау қағаздарын табыс етті. Мектеп директоры Қасенова Зауреш Ермекқызы оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға жылы лебіздерін білдірді. Содан кейін мектеп мұғалімдеріне алғыс сөз сөйлеп, мектеп оқушылары қоштасу вальсін сыйлады. Жиын соңғы қоңырау үнімен және мерекелік отшашумен аяқталды.