Қазан айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығындамектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына үшін «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім сапасын басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Курстарды тәжірибелі де кемеңгер аға оқытушы Жалмұханова Жаңылсын Өтегенқызы мен жаңашыл әдіскер Ақжанова Айна Рахымжанқызы жүргізді. Екі апта әп-сәтте өте шықты, десек те, осы кезеңде біз баға жетпес сый—, білім алдық! Оқытушылар біздің менеджмент саласындағы практикалық тәжірибемізге сүйеніп, оны теориямен бекітті. Оқыту қарқынды түрде өтті, біз шағын топтарда жұмыс жасадық, түстен кейін ойын әрекеттері қолданылды. Курстас әріптестерімізбен жақынырақ танысып, достасып кеттік. Әрбір басшы өзінің көшбасшылық стилі және өмірлік тәжірибесімен өте ерекшеленді. Мұражайлар мен театрға экскурсиялар ұмытылмас және танымдық сипатта болып ерекше естелік болды. Маған әсіресе Шоқан Уәлиханов усадьбасы орналасқан ауылға саяхат ұнады. Ондағы татар стилінде салынған мешіт пен хаммам мені таң қалдырды. Бір топ меңгеруші қонақжай «Көктем» балабақшасында болдық, біз үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, балабақшада Қазақстанда жасалған зияткерлік ойындар ойналды, ал меңгеруші Назгүл Жұмабекқызы бізге Билгоу теңгерім тақтасын ұсынды. Біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, өткізген «Өрлеу» басшылығына және аға оқытушы Жаңылсын Өтегенқызына алғыс айтамын! Сізге зор денсаулық, таусылмас қуат, жұмысыңызға табыс тілеймін!