19.05.2022 жылы Көкшетау қаласында Ш.Уалиханов университетінде "Мектеп пен ЖОО байланысы мәнмәтініндегі білім беруді жетілдіру: жұмыс тәжірибесі, трендтер, болашағы" атты тақырыпта Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының мектеп директорларының форумы өтті. Форумда келесі мәселелер қарастырылды: "Математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар". "Педагогтарды кәсіби дамыту теория мен тәжірибені интеграциялау". "Білім беру кеңістігінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері, шешу жолдары". Бұл форумға Борисовка а.ЖОББМ директоры Буряк К.М., №8 ЖОББМ директоры Смагулова Р.Н., №2 ЖОББМ директордың оқу ісінің меңгерушісі Ташмаганбетова Г.К., №7 ЖОББМ директордың ғылыми ісінің меңгерушісі Тулегенова Н.С. қатысып, форумның соңында сертификатпен марапатталды.