«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

17.08.2020

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 маусымдағы
№ 254 Бұйрықпен
бекітілді

 

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" заңдарына, "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдамаларды беру, құжаттарды қабылдау, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау) тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) архив - мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдаманы табысты алуға байланысты немесе осы Қағидаларда көзделген басқа да себептер бойынша кезектен алынған өтініштер жиынтығы;

      2) блокчейн технологиясы - түзетуге жатпайтын деректерге өзгерістер енгізуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір қағидалар бойынша деректерді сақтау және өңдеу архитектурасын құру тәсілі;

      3) бос орын - баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін мектепке дейінгі ұйым, жас тобы, тәрбиелеу және оқыту тілі, жас кезеңі, топтың түрі (жалпы дамытушы, арнайы), жұмыс тәртібі (толық күн болатын, жарты күн болатын, тәулік бойы болатын), қабылдау тәртібі (жалпыға бірдей белгіленген, ерте брондау, уақытша болу), мектепке дейінгі ұйымға баратын күні бойынша шектеулердің болуын және қабылдаудың басталатын күні көрсетілген бос орын туралы ақпарат;

      4) босаған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне бөлу үшін мектепке дейінгі ұйымдардан бос орындарды беру хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;

      5) жалпыға бірдей белгіленген қабылдау тәртібіндегі бос орын - жолдама алғаннан кейін жолдаманың қолданылу мерзімі бірден есептелетін бос орын;

      6) ерте брондау тәртібіндегі бос орын – орын нақты босағанға дейін ерте жолдама алуға болатын бос орын; жолдаманың қолданылуын есептеу мерзімі және мектепке дейінгі ұйымға қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;

      7) кезектілікті басқару жүйесі – мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға және орындарды бөлуге өтініштерді қабылдаудың бизнес-процестерінің автоматты орындалуын қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі;

      8) кезектілік нөмірі – осы кезекте басқа да өтініштерге қатысты кезектегі өтініштер реті;

      9) кері қайтарылып алынған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне мектепке дейінгі ұйымдардан бұрын бөлуге берілген орындарды қайтару (кері қайтарып алу ) хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;

      10) мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) – мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және тиісті құжаттарды рәсімдеу кезеңінде мектепке дейінгі ұйымнан өтініш берушіге орынның уақытша сақталуы туралы хабарлама;

      11) өтініштер кезегі (бұдан әрі – кезек) - кезектілікті басқару жүйесінде табысты тіркелген және осы Қағидаларға сәйкес бір-біріне қатысты реттелген мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға арналған өтініштер;

      12) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      13) тоқтату парағы – өтініш берушілер тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда жолдама алу мүмкіндігі тоқтатылған, кезектен алынған өтініштер орналастырылатын уақытша архив;

      14) уақытша болуға арналған бос орын – уақытша кеткен тәрбиеленушінің мектепке дейінгі ұйымда сақталатын бос орны, сондықтан осы орынға қабылданатын баланың келу мерзімі шектеулі болады;

      15) хабарлама – өтініш берушіге мектепке дейінгі ұйымнан орын алудың белгіленген кезеңдерінен өткені туралы хабарлау мақсатында кезектілікті басқару жүйесімен жолданған электронды мәтіндік хабарлама.

2-параграф. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      31. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет) барлық түрлердегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      32. Балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында берілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының біреуі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған келісім шарт негізінде көрсетілетін қызметті беруші баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуші құжаттарды түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын 30 минут бойы тексереді. Толық болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" электронды құжат тұрінде жолданады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші электронды сұранымды толтырады және құжаттардың электронды көшірмелерін тіркейді; электронды сұранымды өңдегеннен (тексергеннен, тіркеуден) кейін көрсетілетін қызметті алушыға электронды сұранымның мәртебесі, балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды құжат түріндегі балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін – баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

      33. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      34. Көрсетілетін қызметті беруші келесі себептермен баланы қабылдамайды:

      1) өтініш беруші келісім шарт жасау үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған немесе құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кетсе (баланың денсаулық паспорты және келісім шарт жасалған күннен 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынбауы);

      2) талап етілген құжаттарға сәйкес балада мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін медициналық қарсы көрсетілімдері болса;

      3) растайтын құжаттарды ұсынуда өзге де себептердің болуына байланысты.

      35. Мектепке дейінгі ұйымдарда тұрақты немесе уақытша болуға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау оларда бос орындар болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

      36. Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      Шағым көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша

 

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болғанда)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынуыңызға және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды тапсыруыңызға, атап айтқанда, (жоқ құжаттардың атауы):

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________

      байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      _______________________________________________________________

      Қолы _____________

      Телефон ___________________________________

      Қабылдады: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      _______________________________________________________________

      Қолы ____________

      "____" _________ 20____ жыл

 

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
4-қосымша

 

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут;
2) құжаттарды қабылдау сәтіне дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі араcында жасалған келісім шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінгенде, Қазақстан Республикасында еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде беріледі).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде:
1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5) баланың денсаулығы туралы анықтама;
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
Портал арқылы жүгінгенде:
1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);
3) баланың тууын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);
5) баланың денсаулығы туралы анықтама (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін) (сканерленген көшірмесі).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414,
8-800-080-7777.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.08.2020 17:41
Құрылған күні: 17.08.2020 17:41

Текст