25.04.2022
2022 жылдың 22 сәуірінде Ақмола облысы Щучинск қаласының "Балдәурен" РООО базасында жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар – жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға ғылым , ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері, облыстық және қалалық білім басқармаларының өкілдері, балаларды сауықтыру ұйымдары, жас туристер станциялары, ҮЕҰ басшыларының Республикалық кеңесінің мүшелері қатысты. Отырыс модераторы - Жекебаев Дулат Шайкенұлы, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
Семинардың бірінші бөлімінде пленарлық отырыс өткізіліп, онда сұрақтар тыңдалды:
- " Жазғы сауықтыру лагерьлерінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Ж.Қ. Жұманалин,ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ювеналды полиция басқармасы бастығының орынбасары.
- "Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету"," Судағы қауіпсіздік " Өтепбергенова Ж.С., ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бас маманы
- "Республиканың қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай" Басманова И.П., ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы, тамақтану, білім беру және тәрбие объектілерін санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасы.
- "Балаларды сауықтыру орталықтарының объектілерін түгендеу қорытындылары" Абенов М. К., Нұр – Сұлтан қ. балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының директоры
- Балалардың жазғы демалысын ақпараттық қамтамасыз ету, Макулбекова А. Е., ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің бас сарапшысы
- "Мәдениет ұйымының шығармашылық және танымдық қызметі арқылы балалардың бос уақытын ұйымдастыру", Пазылова Г. А., мәдениет комитеті ҚР МСМ Мәдениет комитетінің мұражайлар және кітапханалар басқармасы
- Ақмола облысында жазғы демалыс кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытты және жұмыспен қамтуды ұйымдастырудағы мәселелер туралы Дүйсенова Б. Б., Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары
-ШҚО білім беру ұйымдарында балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері туралы, Шимина Е. П., "ШҚО білім басқармасының "Дарын" Шығыс Қазақстан ғылыми - метоликалық дарындылықты дамыту және қосымша білім беру орталығы"КМҚК қосымша білім беру бойынша директордың орынбасары
Семинардың екінші бөлімінде секциялық жұмыстар жүргізілді. Кеңес қорытындысы шығарылып, жазғы лагерьде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңестің ұсынымдары таратылды.