19.04.2022
2022 жылдың наурыз-сәуір айларында педагог – психолог әдістемелік бірлестігінің жұмысы негізінде педагог – психологтардың шығармашылық топтарының "жыныстық қолсұғылмаушылық: ағарту және практика", "Буллинг: себептері, салдары, көмегі", "педагогтердің эмоционалдық күйіп қалу синдромы", "балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу"тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Аталған іс - шара педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін іске асыруға, білім беру мекемелерінің психологиялық қызметін дамытуға, психологиялық білімді насихаттауға бағытталған.
Шығармашылық топтар жұмысының мақсаты педагог - психологтардың кәсіби қарым-қатынасын ұйымдастыру және шығармашылық идеялар мен тәжірибемен алмасу, жаңа буын материалдарының әдістемелік топтамасын қалыптастыру болып табылады.
Атбасар ауданының педагог – психологтарының шығармашылық топтары жұмысының қорытындысы бойынша нақты білім беру процесі жағдайында жұмыста пайдалану үшін берілген тақырыптар бойынша әдістемелік ұсынымдар Бюллетені әзірленді.