«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақтану сапасының мониторингі

20.10.2021
18-19 қазанда қаланың 8 мектебінде тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді. Барлық мектептерде тамақтану бекітілген төрт апталық мәзірге сәйкес келеді.
Мектеп асханаларында тамақтану сапасын бақылау мақсатында барлық мектептерде бракераж комиссиясы құрылды, оның құрамына әкімшілік мүшелері, медицина қызметкері, ата-аналар комитетінің төрағасы кірді. Ай сайын асханаларға мониторинг жүргізіледі: санитарлық жағдай, тағам дайындау технологиясының орындалуы, дайын өнімнің шығуы және т.б.  Мектеп асханасында әкімшілік пен мұғалімдердің кестесі, оқушылардың тамақтану кестесі жасалды.
Асханаларда ақпараттық стенд орналастырылған: ас мәзірі, дайындалған тағамдардың тізбесі, тағамдардың нормалары мен құны көрсетілген.
Мониторинг қорытындысы бойынша Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушинаның төрағалығымен аудандық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Б.М. Садвакасованың, мектеп директорлары мен мектеп асханаларын жалға алушылардың қатысуымен кеңес өткізілді, онда анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар берілді.
Абдрахманова Г.Т., бас маман
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.10.2021 14:56
Құрылған күні: 20.10.2021 15:02

Текст