«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Фитнес Кәсіподақ" іс - әрекетте

18.11.2021
Әр түрлі байқауларға қатысу практикалық идеяларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер береді. "Фитнес кәсіподақ" жобасы бойынша "Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі"КММ кәсіподақ ұйымының педагогикалық қызметкерлері үшін фитнес –зал ашу үшін тамаша мүмкіндік болды. Мектептің кәсіподақ ұйымы тегін фитнес залын ашу үшін миллион ұтып алды. Барлық спорттық тренажерлер, снарядтар мен құрал-саймандар сатып алынды. 
 "Фитнес" термині "жақсы қалыпта болу", салауатты өмір салтын ұстану дегенді білдіреді және ұлтты сауықтыру, аурудың алдын алу жолындағы пәрменді қадамдардың бірі болып табылады. Медицина айтқандай, ауруды емдеуден гөрі алдын-алу жақсы. 
 Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева фитнес - залды одан әрі дамыту үшін 1 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Бұл қолдау салалық білім беру кәсіподағының ынтымақтастық негізінде құрылған нақты қадамдарын тағы да көрсетеді.
 "Нұр-сұлтан қаласы және Ақмола облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Қ. Әбдірахманов кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасын №3 жалпы білім беретін мектеп бастауыш ұйымының төрағасы М. П. Шульгинаға және 1 млн. теңгеге сертификатты табыс етті. Салтанатты шараға Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.г.Наймушина, №3 жалпы білім беретін мектептің директоры Г.А. Кизкенова, мектеп оқу ісі меңгерушісі Т. А. Торговкина қатысты. 
 Спорт пен салауатты өмір салтын дамыту перспективалары трендте қалуда, сондықтан фитнес-залға сұраныс артады. Мектептің педагог қызметкерлері спортпен тегін айналысуға, өз денсаулығын нығайтуға мүмкіндік алды. Қазіргі, қол жетімді, өзекті және жаппай - Фитнес-кәсіподақ жобасының алғашқы қадамдары осылай сипатталады, олар қазірдің өзінде жұмыс істейді және дамып келеді.
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 180


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст