2023-2024 оқу жылында ауданның 32 мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылды. Аудан бойынша барлығы – 7079 оқушы (қалада – 4780, ауылда – 2299). 7079 оқушы ыстық тамақпен қамтылды, бұл 100% құрайды. Тегін ыстық тамақпен 3900 оқушы қамтылды (қалада – 2220, ауылда – 1680 оқушы), бұл 55,1% құрайды. Барлығы 1-4 сынып оқушылары – 2945 (қала - 2031, ауыл – 914), тегін ыстық тамақпен 100% қамтылған. ЖШС қаражаты есебінен 100% тегін ыстық тамақ Сепе, Тимашевка ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінде (1-11 сыныптар), 5-11 сыныптар 9 мектепте: Новосельское, Полтавка, Покровка, Сочинское, Есенгелді, Шуйское, Самарка, Родионовка А.Құрманова ауылдарында тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы білім беру қоры есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан 5-11 сынып оқушыларының 336 (қала - 189, ауыл-147) тегін ыстық тамақпен қамтылды. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бір реттік ыстық тамақтың құны 5-11 сынып оқушылары үшін 750 теңгені, 1-4 сынып оқушылары үшін 645 теңгені құрайды. Барлық мектептер білім басқармасының ұсынылған мәзірі бойынша жұмыс істейді. Тамақтануды ұйымдастыруды және мектеп асханасының жұмысын бақылауды тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Комиссия дайын өнімнің сапасына, ас блогының санитарлық жағдайына, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады, ас блогына түсетін шикі өнімнің сапасына, оны сақтау шарттарына, өткізу мерзімдерінің сақталуына тексеру жүргізеді.