Текст
2021 жылдың 1 қыркүйегінде "Атбасар қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебі" КММ 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті. "Кел, балалар, оқылық!" мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті. Бірінші сынып оқушыларын Атбасар ауданының әкімі Қалжанов А. А., Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Н. Г. және № 6 мектептің директоры Жакин К. К. Білім күнімен құттықтады. Ата-аналар мен әжелерден құттықтау сөздер айтылды. Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушылары мектеп және Отан туралы өлеңдер оқыды. Мерекеге орай 23 бірінші сынып оқушысы "Әліппе/Букварь" атты алғашқы оқулығын алды және олар үшін алғашқы мектеп қоңырауы соғылды! Табыс пен мықты білім тілейміз!