«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Еңбек - түб береке" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев "Адал адам – Адал еңбек-Адал табыс" атты ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде еңбекқорлық пен кәсіби құзыреттілік деңгейін аса маңызды құндылықтардың бірі ретінде атап өтті. "Өз ісін жақсы білетін, оған толықтай берілген және еңбекқор адам ғана жетістікке жете алады", – деп атап өтті ол жастарға сөйлеген сөзінде. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығымен бекітілген "Біртұтас тәрбие" бағдарламасына сәйкес қыркүйек айы "Еңбек және кәсіпқой білім"айы болып жарияланды. Бұл Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күнін мерекелеуге байланысты. 2024 жылдың 23 қыркүйегінде Атбасар ауданының мектептерінде "Еңбек - түб береке" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Жаңартылған күні: 23.09.2024 11:03
Құрылған күні: 23.09.2024 11:05

Текст