Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы БЖТӨТж ЭООның негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 2-4 наурыз аралығында Бурабай ауданы, Щучинск қаласында Ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасындағы үстел теннисі бойынша Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8, 9-11 сынып оқушыл арарасында жарыстар өтті. Жарысқа Ақмола облысының 15 ауданынан 30 командада 116 қатысушы қатысты. Жарыстардың аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары Атбасар ауданының құрама командасында болып, аудан намысын қорғады.
Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық мектеп лигасында үстел теннистен 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыстарда Атбасар ауданының командасы 4 –ші орынды иеленді. Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қалымсейітов Мадияр Жасөспірімдер арасындағы турнирдің үздік ойыншысы болып танылды. Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Булегенов Ербол Серикпаевич балалар спортын дамытуға қосқан үлесі үшін Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы БЖТӨТж ЭООның Алғыс хатымен марапатталды.