«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқытудың заманауи тәсілдері: мектептер арасындағы өзара іс-қатынас тәжірибесі

16.04.2026

2026 жылдың 16 сәуір күні “Ауыл мектебі – сапа алаңы” жобасы аясында Тірек мектеп пен ШЖМ мектеп сабақтастығы бойынша мектебіміздің мұғалімдері Бастау 2 мектебіне  сабақ берді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мұғалімдер арасында педагогикалық тәжірибе алмасу, білім беру үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу және мектептердің арасындағы сабақтастықты нығайту. Тірек мектеп  және ШЖМ мұғалімдері  сабақты жоғары деңгейде өткізіп, заманауи оқу әдістері мен педагогикалық тәжірибелерімен алмасты.

Іс-шара барысында мұғалімдер бір-бірімен белсенді тәжірибе алмасып, жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын талқылады. Бұл тәжірибе алмасу мұғалімдерге өз кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берді, сондай-ақ оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст