Наурыз мерекесі қарсаңында маған көктемгі демалысты еліміздің көркем жерінде, Бурабай курорттық аймағында, атап айтқанда "Щучинский" санаторийінде өткізу мүмкіндігі берілді. Санаторий-курорттық кітапқа сәйкес бізге физиоемдеу, балшықпен емдеу, магнитотерапия, ингалятор, тұз шахтасы, ЕДШ сияқты түрлі процедуралар ұсынылды.
Сонымен қатар, демалушылар үшін мерекелік дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Шипажай әкімшілігі түрлі музыкалық нөмірлермен мерекелік концерт дайындады. Демалыс емдік процедуралармен тамаша үйлескен. Облыстық кәсіподаққа демалыс уақытында демалыс және сауықтыру өткізуге мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысымды білдіремін.