28.02.2026
Алғыс айту күні қарсаңында білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысы саласындағы тиімді тәжірибелерді анықтауға және қолдауға бағытталған облыстық сырттай «Үздік кәсіби бағдар беруші – 2026» конкурсының аудандық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна жүлделі орын алған педагогтерді марапаттады:
I орын – Камидуллина М.Р., «Атбасар қаласының №8 ЖББМ» КММ физика пәні мұғалімі;
II орын – Даненова Л.Р., «Атбасар қаласының №5 ЖББМ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
II орын – Алдабергенова Н.Ф., «Атбасар қаласының №1 ЖБММ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
III орын – Ионина Ю.А., «Атбасар қаласының №3 ЖББМ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
III орын – Холод И.П., «Мариновка ауылының №1 ЖББМ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
III орын – Кравцунова Е.В., «Атбасар қаласының №4 ЖББМ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Даненова Лаура Рашитовна, «Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, облыстық конкурста Атбасар ауданын лайықты түрде таныстырып, III орын иегері атанды. Ұсынылған конкурстық материалында ол кәсіби-педагогикалық шеберлігін, практикалық маңыздылығын, шығармашылық көзқарасын және өз жұмысындағы инновациялық әдістерді көрсетті.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, бастамашылдығыңыз және заманауи кәсіптік бағдар беру технологияларын енгізуге деген ұмтылыстарыңыз мектеп оқушыларында болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Мотузкова О.С. – кәсіптік бағдар беру жөніндегі әдіскер




