Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының Alañ футбол алаңдарын жаңарту жобасын іске асыру шеңберінде УЕФА мен 1x Bet букмекерлік компаниясының қолдауымен 2024 жылғы 7 қарашада "Локомотив" стадионының жабық хоккей корты базасында жаңа футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Әмірхамзинұлы, Ақмола облысының спорт басқармасының басшысы Тулендин Ардақ Болатұлы, жоба серіктестері, сондай-ақ аты аңызға айналған футболшы Самат Смақов қатысып, балаларға ашық жаттығу өткізіп, фотосессияға қатысты. Атбасар қаласының жас футболшылары жоба серіктестерінен спорттық құрал-жабдықтар алды.
Жаңартылған күні: 12.11.2024 13:20 Құрылған күні: 12.11.2024 13:20