Текст
20.02.2026
2026 жылдың 17–20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында 8–11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Аталған байқауда Ақмола облысының намысын қорғаған Атбасар ауданының оқушысы, Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Опабекова Дильназ «Өлкетану» секциясы бойынша жүлделі III орынға ие болды.
Бұл жетістік – оқушының табанды еңбегінің, мектеп ұжымы мен жетекші мұғалімдердің кәсіби қолдауының нәтижесі.

