«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас ұрпақ» балалар қоғамдық бірлестігіне көшбасшыларды қабылдауға арналған салтанатты іс-шара

29.01.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінде» КММ, Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен және Ақмола облысының білім басқармасы бірлесіп құрған «Жас ұрпақ» балалар-қоғамдық бірлестігіне көшбасшыларды қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуатбеков Қуаныш Өмірзақұлы, Атбасар ауданының прокуроры Батырбеков Жүсіп Батырбекұлы, Атбасар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Шарипов Аблайхан Темірболатұлы, Атбасар ауданы полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Маташев Рустам Жақсымбетұлы, Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна және де барлық қала мектептерінің директорлары мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жалпы 8 қала мектептерінен, өткен жылы «Жас ұрпақ» қатарына қабылданған 50 үздік оқушы іс-шараға келді. Әр мектептің көшбасшылары марапатталды.
Қала мектептерінің 8 мектебінен, 7 сынып оқушылары «Жас ұрпаққа» балалар-қоғамдық бірлестігіне қабылданды.
Мақсаты: «Бірлестік» білім алушыларды еліміздің нағыз патриоттары, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, жоғары жауапкершілік пен тәртіптілік, қабілеттерін дамыту мақсатында құрылып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарды азайту, мектеп ішіндегі буллингтің алдын алу мақсатында балаларды білім беру, шығармашылық спорттық және әлеуметтік бастамаларға тарту.
 
Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст