Патриотизм-өз Отанына, өз халқына деген адалдық пен сүйіспеншілік және өз Отанының мүддесі үшін кез-келген құрбандар мен ерліктерге дайын болу бүгінде өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспары негізінде 2021 жылғы 29 қарашада №3 жалпы білім беретін мектеп базасында Атбасар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, "Тұңғыш Президент күніне" және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында пневматикалық винтовкадан ату бойынша аудандық "Снайпер" жарысы өтті. Жарысқа ауданның 14 мектебінен 62 оқушы қатысты.
Аудандық жарыстарды өткізу нәтижелері бойынша командалық және жеке біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
командалық
I орын - Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі;
II орын-Бастау ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі;
III орын - Мариновка ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі;
жеке
қыздар
I орын - Анодина Анжелика, Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі;
II орын - Мархамет Нұржан, Мариновка ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі;
III орын-Куропятникова Анастасия, Бастау ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі;
ұлдар
I орын-Афанасьев Максим, Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі;
II орын-Зайцев Константин, Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі;
III орын-Захарчук Дмитрий, Новосельское ауылының жалпы білім беретін мектебі;
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі аудандық Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі мен АӘТД оқытушы – ұйымдастырушысына жарыстарды ұйымдастырудағы жақсы дайындықтары үшін алғыс білдіреді.