Тельман ауылындағы РҚБ Кеңесінің отырысы

28.11.2025
28 қараша күні Атбасар ауданының білім бөлімінің кезекті кеңесі Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебінде өтті.
Кеңес барысында ауданның білім беру ұйымдарындағы өзекті бағыттар талқыланып, маңызды жұмыс нәтижелері мен мәселелер қарастырылды.
Талқыланған мәселелер:
1️⃣ Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу процесін ұйымдастыру
2️⃣ Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, сенімхатпен тәрбиеленіп жатқан балаларды қолдау және оларды туған отбасына қайтару жұмыстары
3️⃣ Оқушылар арасында суицидтің алдын алу шаралары
4️⃣ «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның орындалуы
5️⃣ Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру ұйымдарында енгізу және сүйемелдеу
6️⃣ ЕМН сабақтарында зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды қолдану
7️⃣ Оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру
8️⃣ Педагогтердің оқушылардың құқықтары бойынша кәсіби деңгейін арттыру бағытындағы әкімшілік жұмысы
Кеңес қорытындысы бойынша мектептердің алдағы жұмыс бағыттары нақтыланып, бірқатар ұсыныстар берілді.
 
Просмотров: 384


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу