 
                                
             31.10.2025
                31.10.2025
        2025 жылғы 30 қазанда «№ 4 ЖОББМ» КММ базасында аудандық әлеуметтік педагогтар қауымдастығының «Мектептегі әлеуметтік педагог қызметінің қазіргі заманғы сын-қатерлері мен басым бағыттары» атты кезекті отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты мектепте қолайлы әлеуметтік ортаны қамтамасыз ету үшін қатерлердің алдын алу, отбасыларды қолдау және оқушыларды сүйемелдеу мәселелерінде әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Іс-шараға Атбасар ауданының әлеуметтік педагогтары қатысты.
Отырыстың негізгі мәселелері болғандар:
Атбасар қ. № 2 жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогы Д.М.Темірбекова білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысын нормативтік-құқықтық сүйемелдеу мәселесімен сөз сөйледі.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы әлеуметтік педагогтың рөлін Мариновка а. № 2 ЖОББМ әлеуметтік педагогы Ерден Балапан таныстырды
Қиын өмірлік жағдайда отбасынан шыққан балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу туралы ақпаратпен Шуйский а. ЖОББМ әлеуметтік педагогы Е.А. Гриб сөз сөйледі
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру: тәуелділіктің алдын алу (ойын, интернет-, химиялық); денсаулыққа жауапкершілікпен қарау тәрбиесін Бастау а. № 2 ЖОББМ әлеуметтік педагогы А.Т.Тойшыбекова таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар білім беру мекемелерінің әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимылын күшейту бойынша ұсынымдар қабылдап, қауымдастықтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.
Кездесуді қорытындылай келе, сөз сөйлеушілер педагогикалық тәжірибені тарату туралы сертификаттармен марапатталды, сондай-ақ мұндай отырыстар кәсіби өсуге ықпал етіп, мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтік қолдаудың өзекті мәселелерін шешудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.