«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ойын - баланың өмірді білудегі алғашқы қадамы

27.01.2022

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде үлкен нәтиже беретіні сөзсіз. Н. К. Крупская: «Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын – оқу, олар үшін ойын – еңбек, олар үшін ойын – тәрбиенің маңызды түрі». Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік бере отырып, күнделікті сабағымызда ойын түрлерін, соның ішінде театрландырылған ойын түрлерін сомдау арқылы бүлдіршіндердің қызығушылығын оятамыз. Ертегілерді ойнауда, әңгімелерді әңгімелеуде, өлеңді нақышына келтіріп оқу жұмыстарын жүргізгенде, балалардың өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы өте зор. Баланы сахнада болсын, сабақтан тыс іс-шараларда болсын кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық сезімдерін ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.01.2022 18:02
Құрылған күні: 27.01.2022 18:02

Текст