Текст
2025 жылдың 14-16 қазан күндері аралығында Сандықтау ауданы Балкашино ауылыңда Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Намыс» облыстық Спартакиада бағдарламасы бойынша Әскерилендірілген кросс бойынша жарыс өтті.
Аталған жарысқа Ақмола облысы Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары мен аудандарының 17 командасынан 68 оқушы қатысты. Жарыс тартысты өтті.
Жеке есеп бойынша Мариновка ауылының №2 ЖОББ мектебінің оқушысы — Оразбек Ерлан 3-орынға ие болды! Атбасар ауданының командасы
"Жеңіске деген ерік-жігер" номинациясына және 4-орынға ие болды.