Текст
📌 17-18 қыркүйек күндері Көкшетау қаласында экология, туризм, өлкетану, дене шынықтыру және бастапқы әскери-технологиялық дайындық бойынша ауқымды конференция өтті.
Бұл шараға әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, мұғалімдер және үйірме жетекшілері қатысты.
✨ Қуанышты жайт – белсенді жұмыс пен жоғары нәтижелер үшін Атбасар ауданының білім бөлімі 200 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
👏 Сондай-ақ, Атбасар қаласының №3 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Чарушин Дмитрий Юрьевич арнайы марапатқа ие болды.
🙏 Конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға шынайы алғыс білдіреміз!