«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Информатиктердің тамыз кеңесі: инновация, жасанды интеллект және рефлексивті ойлауды дамыту"

27.08.2025

27 тамызда ауданның информатика мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Іс-шара аясында информатиканы оқытудың заманауи үрдістері мен инновациялық әдістері қарастырылды. Атбасар қаласының  №3 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Жунусова Альбина Бахытовна  "Триггерлер білім алушыларда рефлексивті ойлауды қалыптастыру құралы ретінде" тақырыбында сөз сойледі.  Баяндама барысында ол оқушылардың қатысуымен сабақтарда интерактивті анимация жасау әдістерін көрсете отырып, әріптестеріне практикалық демонстрация өткізді.       №2 ЖОББМ  информатика пәнінің мұғалімі Зарынбеков Аманжол Баянбекұлы "Информатика бойынша білім беру үдерісіне жасанды интеллект интеграциясы" өзекті тақырыбында баяндама жасап, ЖИ технологияларын оқу үдерісіне табысты енгізудің мысалдарын келтірді.  Кеңес сындарлы түрде өтті, Педагогтарға кәсіби тәжірибе алмасуға және педагогикалық қызметте одан әрі қолдану үшін жаңа әдістемелік ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.    

Просмотров: 57


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст