Патриотизм-өз Отанына, өз халқына деген адалдық пен сүйіспеншілік және өз Отанының мүддесі үшін кез-келген құрбандар мен ерліктерге дайын болу. Бүгінгі күнде өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді.
2021 жылғы 20-23 қараша аралығында Атбасар ауданының 23 жалпы білім беретін мектептер базасында "Тұңғыш Президент күніне" және "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына" арналған Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінде "Жас сарбаз"жалпы республикалық қозғалысының әскери-патриоттық клубтары тәрбиеленушілерінің салтанатты ант беру салтанаты өтті.
Ант беруге ауданның 22 мектебінен 65 оқушы қатысты. Ант беру барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі "Жас Сарбаз" ӘПК аудан мектептерінің әкімшіліктеріне және АӘТД ұйымдастырушы – оқытушыларына салтанатты ант беруді ұйымдастырғаны және оған жақсы дайындықтары үшін алғыс білдіреді.