Текст
12.06.2025
Жалпы білім беретін мектептерде 11-сыныптарда қорытынды бітіру емтихандары жалғасуда. 12 маусымда Атбасар ауданының мектеп оқушылары таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), ағылшын тілі) жазбаша емтихан тапсырады. Барлығы 249 оқушы, олардың 13-і (12 денсаулық жағдайы бойынша, 1 дәлелді себеппен) босатылған. Емтихан алушылар мен ассистенттер емтихан басталар алдында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Емтихандарда жақсы бағалар мен сәттілік тілейміз!!!

