«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім бөлімінің 100-жылдығына арналады... Мектеп тарихы

15.11.2019

Осыдан тура он үш жыл бұрын 2006 жылдың 29 тамызында Новоалександровка ауылында мемлекеттік тілде 198 оқушыға арналып жобаланған Ново-Александровка №2 орта мектебі салтанатты жиынмен ашылды. Ал 2007 жылдың 27 қарашасында мектеп жанынан 3-5 жас аралығындағы шағын «Балапан» балабақшасы ашылды. 2011 жылы « Біздің ауылымыздың тарихы» атты муражай ашылды. 2016-2017 оқу жылында жалпы мектебімізде бүгінде жалпы оқушы саны 114 оқушы оның ішінде 0 сынып 10 оқушы; 1-4 сыныпта -46; 5-9 сыныпта -48; 10-11 сыныпта 10 оқушы. Соғғы 4 жылдың ҰБТ нәтижесі
2012-2013 оқу жылында - 65,6% құраса, 2013-2014 оқу жылында 75 % ал 2014-2015 оқу жылында 11 сынып болған жоқ. 2015-2016 оқу жылында 69,5 % құрады. 2013-2014 оқу жылында мектебіміз аудан бойынша III орынға ие болды. Жаңа заман талабына сай әсем әдемі безендірілген кабинеттерде дәріс алуда. Бүгінде 1 сыныпта 10 оқушы жаңартылған білім беру бағдарламасы мен оқыса, мектебіміз «Күнделік КЗ» жобасы жұмыс істеуде. Мектепте жоспарланған үйірме, факультатив, спорт секциялары өз жұмысын жүргізуде. Мектебімізде 13 жылда ұшқан түлектеріміз қаншама 11 сыныпта 58 түлек ал 9 сыныпта - 62 мектебіміздің түлектері ЖОО және колледждерде оқуда Осы 58 түлектің ішінде қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген түлектеріміз -26 оның ішінде «Бастау» ЖШС жұмыс істеп жүрген Октябрь Темірбек - кіші мал дәргері болса, Елеу Шындаулет -- малшы, Сентябрь Укібай - кіші мал дәргері, өз мектебінің түлектері мұғалімдермен бірге бір ұжымда қызмет жасап жүр олар Жилгельдина Асемгул мен Кузбаков Галымжан. Ал Мариновка қазақ орта мектебінде мектебіміздің түлегі Елгел Анаргул ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ал Новоалександровка селолық округының бас маманы болып Ахмедиянов Асхат отырса Капышева Айгерім есепші ал Саманбаева Махаббат болса ауылымыздың кітапханашысы. Осы он жыл ішінде 9 сынып бітірген түлектеріміз саны 52 оның ішінде колледжді бітірген 36 түлек ал 16 оқуларын жалғасытырып жатыр. Бітірген 36 түлектеріміз әр түрлі маман иесінде қызмет атқаруда . Оның ішінде 2 оқушымыз «Бастау» ЖШС Елеусіз Гарифолла – электрик, ал Аманбек Айбек малшы болып қызметтерін атқаруда.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Осы 10 жылдың ішінде әр ұстаздың еңбегі ерен. Мектебімізде сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұлағатты ұстаздарымыз қаншама. атап айтсақ, Ербалина Слушаш Нурбайқызы биыл Д.А Қонаев атындағы « Үздік білім» орденімен марапатталса, Қоспаева Алия Жандосқызы III Республикалық байқауға қатысып «Өнегелі ұстаз» бірінші дәрежелі дипломмен, марапатталып 2016ж -Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі болып сайланды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамбар Сайрагулдің оқушылары облыстық , аудандық олимпиада жүлдегерлері, Ал Тойшубекова Бахыт жамал Ануарбекқызы IV халықаралық педагогикалық жәрмеңкесіне қатысып «Қола» сертификатпен марапатталды. География пәнінің мұғалімі Харахыз Бакытгул аудан аралық «Үздік- мұғалім -2013» байқауына қатысып 3 орынға ие болды. Ал басқа ұстаздар туралы атап айтсам Тойшубеков Б.А, Нажикенова Ж.Б, Хурамхоз Жимсбэк, Габбасова Б.С Капышева А.Х, Искакова Г.Т, Кузбаков Г.И, Кенжебаева З.К , Бекей Айнур, Мустафина Д.С сияқты ұстаздардыңда еңбегі зор. Оқушылары аудандық , облыстық Республикалы интеллектуалдық ойындарға қатысып жүлделі орынғдаға ие болып жақсы көрсеткіш көрсетуде. Жалпы аудандық облыстық оқу –тәрбие жұмысына жазғы демалыс, көркемөнерпаздар байқауына, спорттық іс -шараларға тағы басқа әртүрлі іс –шараларға белсене қатысып мадақтамалар мен дипломдар жүлдері орындарға ие болдық.2015-2016 оқу жылының аудандық рейтинг бойынша осы 10 жылдың қорытындысы деп айтсам аудан аралық ауыл мектептері арасындағы «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясымен марапатталдық. Мектебіміз ата –аналармен, және ауылымыздың «Мукушев Т.К. бастаған ЖШС «Бастаумен» ауыл селолық округпен және ауыл ардагерлері мен қоян - қолтық жұмыс істеуде. Мектебіміздің ірге тасы қаланғаннан бері Сексенбаева Ж.Б., Наймушина Н.Г., Мукушев Т.К, Матвейчук И.Ф, Шаханов К.К Амиржанов Ж.А Исманов К.Т. үнемі жанымыздан табылды. Сіздерге өзімнің атымнан, мектеп ұжымы мен түлектердің атынан алғысымызды білдіреміз.
Тойшубекова Б.А., мектеп директоры

  • Бастау 2.jpg
  • Бастау 2.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.11.2019 11:07
Құрылған күні: 15.11.2019 11:07

Текст