13.05.2025
2025 жылғы 13 мамыр күні Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Цифрлық объектив" аудандық сырттай байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шараға ауданның 12 білім беру мекемесінен 85 оқушы қатысып, бес конкурстық номинация аясында өз жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 18 жеңімпаз анықталды, олар өздерінің шығармашылық жобаларында жоғары деңгейдегі кәсібилік пен шығармашылықты көрсетті.