«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа сын-қатерлерді еңсеру тәжірибесі"аудандық практикалық семинар

24.04.2025
2025 жылдың 24 сәуірінде Атбасар қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің базасында "Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа сын-қатерлерді еңсеру тәжірибесі"атты аудандық практикалық семинар өтті. Семинарға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының 38 педагогы қатысты. Ұйымдастырылған оқу іс-шараларын көрсетті:" Ұлттық ою-өрнектер " Зикирина Пана Тоқтарқызы (Есенгелді ауылы ЖОББМ шағын орталығының тәрбиешісі)," Сәукелені безендірейік " Шевченко Оксана Алексеевна (Ново-Мариновка ауылы НОМ шағын орталығының тәрбиешісі)," Жоғалған ертегілер "Михалина Ольга Геннадьевна ( Родионовка ауылы НОМ шағын орталығының тәрбиешісі)," Үлкен , орта, кішкентай " Дикал Мария Аббасовна (Магдалиновка А. БМ шағын орталығының тәрбиешісі). Мастер - класстарды "Ұлттық ойындар" Хуатбек Асылай ( Мариновка ауылындағы №2 ЖОББМ шағын орталығының тәрбиешісі) ,"Шенильді сымды қолданатын дәстүрлі емес өнімді қызмет технологиясы" Брик Оксана Яковлевна (Бейс-Хазрет ауылындағы НОМ шағын орталығының тәрбиешісі)," Ою ине шебері " Орымбаева Язгуль Төлегенқызы (бөбекжай тәрбиешісі- "Еркежан" бағы). Семинардың екінші бөлімінде мобильді топ педагогтердің құжаттамасына мониторинг жүргізді .
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барды. Меңгеруші С. Г. Наймушина педагогтарды түзету кабинетінің жұмысымен таныстырды. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңес алды
№4 ЖББМ директоры Р. А. Акановаға практикалық семинарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін, №8 түзету кабинетінің меңгерушісі С. Г. Наймушинаға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмек ұйымдастырғаны үшін Алғыс білдіреміз.
Просмотров: 26


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст