Текст
2025 жылғы 3-4 сәуірде қашықтық форматта "Менің бастамам - менің Отаным" республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға Ақмола облысының 7 ауданынан, сондай-ақ Көкшетау қалаларынан және Астана мектептерінен 36 шығармашылық жоба ұсынылды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша Атбасар ауданының жеңімпаздары анықталды: "Қазақстанның жеті кереметі" номинациясы бойынша 1 орын –Атбасар қаласының №3 ЖББМ 10 сынып оқушысы Калинина Злата. "Қазақстанның 100 жаңа есімі"номинациясында Полтавка а. ЖББМ 11 сынып оқушысы 3 орын - Байкенова Сымбат. Жеңімпаздар 1, 2 дәрежелі дипломдармен, жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды. 1 орын алған жүлдегерлер республикалық конкурсқа қатысады.