13.03.2025
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықты төтенше жағдайлар мен түрлі оқиғалардан қорғау өзекті болып қала береді. ТЖ жағдайында білім беру ұйымдарының педагогтері дұрыс шешімдер қабылдап, тиісті іс-шараларды жедел жүргізуі тиіс. 2025 жылғы 12-13 наурыз аралығында Көкшетау қаласында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында Ақмола облысының бастауыш сынып педагогтары үшін азаматтық қорғау курстары өтті. Оқытуға Атбасар ауданы мектептерінің бастауыш сыныптарының 6 педагогы қатысты.
Сабақ барысында педагогтар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі іс-қимылдарды үйренді. Тыңдаушылар азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлаудың шындығын жүзеге асыруды үйренді. Оқу-жаттығуларды, жаттығулар мен нұсқамаларды қалай дұрыс жүргізу керектігі туралы білдік. Оқыту шеңберінде тыңдаушылармен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізілді, Жеке қорғаныс құралдарын кию дағдылары пысықталды.