«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

14.10.2020

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні.

Көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері: тегін.

Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталдағы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында; 2) www.egov.kz порталында орналасқан.

Құжаттардың тізбесі: 1) электрондық құжат нысан бойынша кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін өтініш; 2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі; 3) жұбайының (зайыбының) атынан нотариус куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б. "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген)); 4) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустан) (заң бойынша мұрагерлікке құқық алған жағдайда); 5) мүліктің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда); 6) осы бұйрықпен бекітілген отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес (он жасқа толған жағдайда) баланың (балалардың) пікірінің электрондық көшірмесі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің және "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі; 3) он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасау

немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасау болып табылады; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.10.2020 15:58
Құрылған күні: 14.10.2020 15:58

Текст