20.01.2025
2025 жылдың 20 қаңтарында ауданымыздың білім беру мекемелерінде "Информатика" пәнінің онкүндігі ашылды. Онкүндіктің мақсаты информатиканы оқыту процесіне заманауи үрдістерді енгізу болып табылады. Сондай-ақ, біз оқушылардың информатика сабақтарында алған білімдерін қызықты түрде кеңейтуге, күнделікті өмірде компьютермен жұмыс істеу саласындағы білім мен дағдылардың практикалық қолданылуын көрсетуге, оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын оятуға, сыни ойлау, тапқырлық дағдыларын дамытуға және пәнге деген қызығушылығын оятуға тырысамыз.