Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9- 11 сынып оқушылары (ұлдар) арасындағы волейбол бойынша облыстық жарыстар.

13.04.2022

 Ақмола облысының жалпы білім  беретін мектептері арасында   Ұлттық  «Мектеп  Лигасын»  өткізу ережесі негізінде 2022 жылғы 5-8 сәуір күндері Аршалы ауданы, Аршалы кентінде   волейбол бойынша аумақтық жарыстардың жеңімпаздар қатарынан табылған  9- 11 сынып оқушылары командаларының   арасында облыстық жарыстар  өтті. Жарыстарға облыстың мықты деген  9 командасы қатысты. Ойындар денешынықтыру–сауықтыру кешенінде өткізілді.  Атбасар ауданының намысын  аудандық және аумақтық жарыстарда  жеңімпаз болған  Шуйск ауылының    жалпы білім беретін мектебінің командасы қорғады. Топтық және теке тірес кездесулердің қорытындысы бойынша Атбасар ауданы Шуйск а.   жалпы білім беретін мектебінің командасы үшінші орынды иеленді. 

 

 

 

 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу