29.11.2024
2024 жылғы 28-29 қараша аралығында Көкшетау қаласында «Дарынды балаларға арналған 3-облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ базасында «Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынның облыстық кезеңі өтті.
Ойынның мақсаты-оқушылардың оқу іс-әрекетін ынталандыру, жоғары интеллектуалдық қабілеттері бар дайындалған және дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу. Зияткерлік ойынға Ақмола облысының 13 ауданынан, Қосшы, Көкшетау және Степногорс қалаларынан барлығы 20 оқушы қатысты. Облыстық кезеңде Атбасар ауданынан 11 сынып оқушысы Мұхара Нұрзат белсенді қатысты.